Ресейлік компания апатқа ұшыраған Әзербайжан ұшағы үшін өтемақы төледі

500

Бұдан бөлек компания жолаушыларға келтірілген залал үшін төлемдер жасап жатыр. 

Ресейлік компания апатқа ұшыраған Әзербайжан ұшағы үшін өтемақы төледі Фото: Дастан Шанай

Ресейдің "АльфаСтрахование" сақтандыру компаниясы Ақтау маңында Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты өтемақыны толық төледі. Бұл туралы компанияның авиациялық сақтандыру жөніндегі орынбасары Илья Кабачник мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс-ке сілтеме жасап.

"Қазақстандағы Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясының апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағы, сондай-ақ тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігі "АльфаСтрахование"-де сақтандырылды. Оның негізгі бөлігі "Ресей ұлттық қайта сақтандыру компаниясында" қайта сақтандырылды. Ақпанда ұшақ үшін толық сақтандыру сомасы төленді", - деді Илья Кабачник.

Әуе кемесін сақтандыру бойынша өтемақы мөлшері қандай болғаны белгісіз. Сарапшылар бұл 25-30 млн доллар болуы мүмкін екенін айтады.

Сақтандыру компаниясы өкілінің сөзінше, әуе апатын тергеу жалғасып жатқанына қарамастан, компанияда төлемдерді жіберуге жеткілікті мәлімет бар.

"Біз сақтандырушы ретінде ұшақтың апатқа ұшырау дерегін ескереміз. Соғыс пен терроризм қаупі де сақтандырылғандықтан, әуе компаниясы кез келген жағдайда өтемақы алады", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу