Ресейлік компания Көкшетаудағы ЖЭС-тың құрылысына қаржы құймақшы

1529

Ресейлік компания Көкшетаудағы ЖЭС-тың құрылысына қаржы құймақшы

Көкшетаудағы жаңа ЖЭС құрылысына ресейлік инвестор қатысуы мүмкін, деп хабарлайды 24 Хабар.

Бұл туралы келіссөздер Мәскеуде өткен конференция аясында жүргізіліп, онда Қазақстанның Ақмола, Маңғыстау және Қызылорда облысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік саласындағы жобаларын ұсынды. Мұндағы мәселе балалар үйі, мектеп, емхана, аурухана және ірі инфрақұрылым кешендерінің құрылысын инвестиция тарту арқылы жүргізу болып отыр. Шара Қазақстанның Ресейдегі Сауда өкілдігі, "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі және Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Келіссөзге 120-ға жуық маман қатысты. Ресейлік кәсіпкерлер қазақстандық жобаларға қатысуға мүдделі. Оларды Қазақстанда құрылған қолайлы инвестициялық климат қызықтырады.

"Қазақстан заманауи мемлекет, соның ішінде қаржылық технологияларды белсенді қолданып отырған алдыңғы қатарлы ел деп санаймыз, сол себепті осы конференцияға келдік. Біздің топ құны бір жарым миллиард рубль болатын ірі мемлекеттік-жеке серіктестіктер мен концессияларды іске асыруға мүдделі", – деді "Вис" компаниялар тобының бас директоры  Игорь Снегуров.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу