Ресейлік компаниялар бәскелестіктің ортақ ережесін бұзды

845

Ресейлік компаниялар  бәскелестіктің ортақ ережесін бұзды

ЕАЭО нарығындағы Қазақстан компанияларының құқығы бәсекелестік ережелеріне сай қорғалды, деп хабарлайды atameken.kz.

Еуразиялық экономикалық комисся отырысының аясында қазақстандық компанияның электртехникалық анизатропты болат сегментінде алған басымдығымен зиян келтірген  "Новолипецк металлургиялық комбинаты" ЖАҚ мен "ВИЗ-Сталь" ЖШҚ  атына жазған шағымы бойынша айыппұл салу туралы оң шешім шығарды.

ЕАЭО туралы келісімшартқа сәйкес бәсекелестіктің ортақ ережесі анықталған, осыған орай шаруашылық жүргізу субъектілерінің басымдық иеленуімен зиян келтіруге, келісім, алып сатарлық жасауға тыйым салынады. Шаруашылық жүргізетін субъектілер арасында тікелей келісім жасауға рұқсат етілмейді.

"Жасалған құралдың маңыздылығын түсіне отырып, 2015 жылы "Атамекен" ҚР КҰП мен Еуразиялық комиссияның арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оны жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Аталған құжаттың негізінде "Атамекен" бәсекелестік нарығының ахуалына, бағалау жағдайы мен трансшекаралық нарықта бизнес жүргізу талаптарына мониторинг жүргізеді. Бүгінде Комиссияның қарауында Палата тарапынан түскен екі өтінім бар", - деп түсінік берді басқарма мүшесі Дана Жүнісова.

"Кентау трансформатор зауыты" АҚ өтінімі 2016 жылдың 5 тамызында түскен және "Новолипецск металлургиялық зауыты" ЖАҚ мен "ВИЗ-Сталь" ЖШҚ-тың бәскелестіктің ортақ ережесін бұзуына қатысты болды. 2016 жылы тергеу 2015 жылдың қаңтар айынан 2016 жылдың тамыз айына дейінгі кезеңге жүргізілді, оның нәтижесінде географиялық шекара Қазақстан, Ресей, Беларусь аумағы болып саналатын тауар нарығында ортақ бәсекелестік ережесінің бұзылғаны анықталды. Тергеу нәтижесінде анық болғандай  Ресейдің шаруашылық жргізетін екі субъектісінің қатысу үлесінің жалпы көлемі 99,9% болған, негізгі сатып алушылары ­– Қазақстан мен Беларусьтың 36 компаниясы. Өзінің нарықтағы басым жағдайын мен басқа да өндірушілердің болуын пайдалана отырып, ресейліккомпаниялар тауардың соңғы бағасының жоғары болуына қосымша талап қойған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу