Ресейлік күріш сұрыптары Қазақстан алқаптарының 70%-ын алып жатыр

Биылғы маусымда егіс алқабының 11%-ына ғана отандық сұрыптар егілген.

Ресейлік күріш сұрыптары Қазақстан алқаптарының 70%-ын алып жатыр Фото: Уикипедия

Қызылорда облысында биылғы маусымда 90 мың гектарға жуық алқапқа күріш егілді. 2022 жылы облыста жергілікті тұқымды енгізу бағдарламасы аяқталуы тиіс еді, оған сәйкес ауданның 50%-ын қазақстандық селекция тұқымы себіледі деп жоспарланған болатын. Алайда, іс жүзінде биылғы маусымда егіс алқабының 11%-ына ғана отандық күріш егілген.

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биылғы егіс науқанында 20 мың тонна жоғары репродукциялы тұқым пайдаланылған. Бұл көлемнің 70%-дан астамын ресейлік сұрыптар, тағы 19%-ын украин, өзбек, түрік және итальяндық сұрыптар алып жатыр. Қазақ күріші небәрі 11%-ды құраған.

"Шетелдікінен қазақстандық сұрыптар арзан болғанымен, жергілікті күрішшілер ресейлік селекцияның тұқымын сатып алады. Отандық сортты тоннасын 300-350 мың теңгеге сатып алуға болады, импорттық сортты 400-450 мың теңге аралығында. Күріш өсірушілердің өзі айтқандай, ресейлік сорттардың өнімділігі жоғары болғандықтан сатып алады", - дейді Ы. Жақаева атындағы күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Білім тарату орталығының директоры Жанұзақ Байманов.

Маманның айтуынша, ресейлік ғалымдар біздің ең танымал ресейлік "Лидер" сортының тұқымын тек қызылордалық диқандар үшін өсіріп, 3,5 пайыз гонорар алады. Ресейдің өзінде олар 20 жыл бұрын өндірісте қолдануды тоқтатқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу