Ресейлік мемқызметкерлерге елден шығу қиындай түсті

779

Талаптардың қатаңдатылғаны ресми расталды.

Ресейлік мемқызметкерлерге елден шығу қиындай түсті Фото: eadaily.com

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков британдық Financial Times газетіне соңғы жылы бірқатар салалардың қызметкерлері үшін Ресейден шетелге шығу ережелері күшейтілгенін растады, деп жазады inbusiness.kz.

"Ол үшін қатаң ережелер қарастырылған. Кей жерде ереже нақты рәсімделген болса, кейде қызметкерлердің шешіміне байланысты болады", - деді ол.

Егер азаматтың жұмысы құпия ақпаратқа қол жеткізуді қажет ететін салаларға байланысты болса, оның елден шығуы екіталай.

"Арнайы әскери операция (ред. Украинадағы соғыстың ресейлік атауы) басталғалы бері бұған көп көңіл бөлінді", - делінген хабарламада.

Шешім шығарарда қызметкердің өзінің не қызмет ететін компания жұмысының бағыт-бағдары, саласы қарастырылады.

Financial Times мақаласында жоғары лауазымды шенеуніктерге, мемлекеттік компаниялар басшылығының қазіргі және бұрынғы мүшелеріне шетелге шығу не Ресей аумағында ұзақ сапарларға бару қиындай түскен, ал кейбір жағдайларда олардың төлқұжаттарын мемлекеттік қауіпсіздік органдарының өкілдерімен тәркіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу