Ресейлік миллиардерге Таулы Қарабақ үкіметін басқару ұсынылды

744

Бұл туралы бүгін, 4 қазанда Қарабақ көшбасшысының өзі хабарлады.

Ресейлік миллиардерге Таулы Қарабақ үкіметін басқару ұсынылды

Таулы Қарабақ Республикасының (ТҚР) Президенті Араик Арутюнян Ресей Федерациясының азаматтығынан бас тартқан ірі ресейлік кәсіпкер және армян меценаты Рубен Варданянға ТҚР мемлекеттік министрі – республика үкіметінің басшысы қызметін атқаруды ұсынды.

"Мен сіздерге жақында қабылдаған өте маңызды шешім туралы хабарлағым келеді. Мен меценат, тәжерибесі мол, аса білімді қоғам қайраткері, кезінде Арцахқа (Таулы Қарабақтың армян тарихи атауы. Ред.) алғашқылардың бірі болып көшіп келген Рубен Варданянға Арцах Республикасының Мемлекеттік министрі қызметін ұсындым. Оған кең өкілеттік беруге дайынмын. Алдағы апталарда бірге қызмет етеміз деп үміттенемін", – деді Арутюнян.

Оның айтуынша, бұл ТҚР мемлекеттік Министрінің міндетін атқарушы Артак Бегларянның жұмысы тиімсіз деп танылды дегенді білдірмейді.

"Бірақ қазіргі сын-қатерлерді ескере отырып, барлық ұлттық күш-жігерді біріктіру қажет деп санаймын", деп атап өтті Республика Президенті.

Рубен Варданян бұған дейін Арцахтың қауіпсіздігі мен дамуын қолдайтын бүкіл армяндық майданның құрылғанын жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу