Ресейлік мұнай тасымалы күрт азайды

519

Ресейден теңіз арқылы тасымалданатын мұнай көлемі күрт азайды.  

Ресейлік мұнай тасымалы күрт азайды Фото: google

Блумберг агенттігінің хабарлауынша, 24 ақпан мен 3 наурыз аралығында, су бетімен келетін қара алтын көлемі 14%-ға, тәулігіне 3,11 млн баррельге дейін азайды. Бұл Мәскеудің өндіріс көлемін қысқарту жөніндегі шешімімен байланысты,- дейді блумберг.

Мұндай құбылыс, әсіресе, ресейлік мұнай 25 пайыздық жеңілдікпен сатылатын батыс порттарында байқалған. Айта кету керек, өткен жылдың 5 желтоқсанынан бастап, ресейлік мұнай үшін, барреліне $60 доллар, ашық мұнай өнімдері үшін $100доллар, қара мұнай өнімдері үшін $45 доллар шекті баға бекітілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу