Ресейлік мұнайға шекті көрсеткіш енгізу нарықтағы бағаның өсуіне әкелуі мүмкін

Қазақстанның Энергетика министрі Болат Ақшолақов осындай болжамымен бөлісті, деп жазады inbusiness.kz. 

Ресейлік мұнайға шекті көрсеткіш енгізу нарықтағы бағаның өсуіне әкелуі мүмкін

"Ресей мен Сауд Арабиясы ірі мұнай өндіруші және халықаралық нарыққа жеткізуші болып табылады. Егер мұнайдың белгілі бір көлемі нарықтан кетсе, олар оны басқа көздермен алмастыруға тырысады. Біз басқа елдердің өндіріс көлемін арттырып жатқанын білеміз", - деді Ақшолақов.

Айтуынша нарықта тапшылық туса баға бірден өседі.

"Егер бұл мұнай тапшылығы болса, бағалар бірден өзгереді", - деп топшылады Энергетика министрі.

Айта кетейік, Ресейлік мұнай өнімдеріне қатысты шектеулер 2023 жылдың 5 ақпанынан бастап күшіне енеді. Әзірге ең жоғары баға жарияланған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу