Ресейлік өндірушілер авиакеросинінің жеткізілімін ұлғайтады

820

Ресейлік өндірушілер авиакеросинінің жеткізілімін ұлғайтады

Апта басында республиканың Air Astana ұлттық әуе тасымалы компаниясы отынның тапшылығынан еліміздің әуе нарығындағы қызмет көрсету орындалмау қаупі тұрғанын жариялаған болатын. Энергетика министрінің мұнай өндірісін дамыту департаментінің директоры Қуаныш Құдайбергенов ресейлік өндірушілердің әуе керосинінің жеткізілімін ұлғайтатынын хабарлады, деп жазады sputniknews.kz. 

Қазақстандық Шымкент және Атырау зауыттары жалпы есеппен айына 22 мың тонна әуе керосинін шығарады. Әуе тасымалы компаниясының орта айлық сұранысы 47,5 мың тоннаға сәйкес келеді. Сондықтан қажетті отынның қалған бөлігі Ресейден тасымалданады. Алайда, соңғы кездері Ресей Қазақстанға әуе отынын жеткізу көлемін азайтқан, қыркүйек айының бірінші жартысында ресейлік зауыттар бар-жоғы 7 мың тонна керосин жеткізген.  

"Ресей Федерациясы энергетика министрлігі импорт көлемін күн сайынғы жоспар бойынша іске асырады. Сол себептен де Ресей тарапынан жеткізілетін әуе керосинінің көлемін арттыруға мүмкіндік туып, бүгінде 18 мың тонна отын жеткізілсе, қосымша тағы 8 тонна жөнелтуді жоспарлап отыр", — дейді Құдайбергенов.

Әуе базаларының қазіргі жұмысы отынның қолда бар қорымен орындалып отыр. Алдағы уақытта Павлодар мұнай өндеу зауыты іске қосылған кезде Қазақстандық өндіріс көлемі жылына 900 мың-1 миллион тоннаға дейін жеткізіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу