Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный түрмеде жоғалып кетті

275

Навальныйдың денсаулығы нашар болған.

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный түрмеде жоғалып кетті Фото: Денис Каминев / AP

Алексей Навальныйдың адвокаты дүйсенбіде түрмеде отырған оппозиционермен байланысты үзіп алғандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Навальный Мәскеудің шығысында 240 шақырым жердегі түзету  колониясында отырған. Қазір оның қайда екені белгісіз, дейді оппозиционердің командасы.

2019 жылы Навальныйды экстремистік ұйым құрғаны үшін кінәлі деп тауып, бас бостандығынан айырған.

Адвокаттар Навальный болуы мүмкін деген оймен екі колонияға хабарласып, мәлімет ала алмаған. Дүйсенбіде оның баспасөз хатшысы Кира Ярмыш Навальныйдың денсаулығы нашар болғанын және бұған дейін ол ИК-6, ИК-7  колонияларында болғанын айтты.

"Жұмадан бері ИК-6, ИК-7  колонияларынан хабар ала алмадық. Навальный із-түзсіз жоғалып кетті. Соңғы рет ол Мәскеудің шығысындағы ИК-6 колониясында болған", - дейді Ярмыш.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу