Ресейлік сауда желілерімен келісімге отырғысы келетіндердің өтінімі қабылдануда

789

Ресейлік сауда желілерімен келісімге отырғысы келетіндердің өтінімі қабылдануда

Kazakh Invest ұлттық компаниясы ресейлік сауда желілерімен келісімге отырғысы келетін қазақстандық тауар өндірушілердің өтінімдерін қабылдай бастады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Отандың өндірушілердің өтінімдері серіктестікті мақұлдау үшін бірнеше ресейлік ритейлердің коммерциялық қызметтеріне ұсынылады.

Бұл жобаға Ресейдің федералды және аймақтық сауда желілері қатысады. Олар: "X5 Retail Group" ("Пятерочка" дүкендері, "Перекресток" супермаркеттері, "Карусель" гипермаркеттері және т.б.) федералды желісі.

Ал аймақтықтық желілерден 700 сауда нүктелері қатысады. Олар: "Командор" (Краснояр өлкесі), "Аникс" (Алтай өлкесі), "Гулливер" (Ульянов облысы), "Петровский" (Архангель облысы) "Анкор" (Жаңа Уренгой), "Лама" (Том облысы) және т.б.

Ресей ритейлерлері қазақстандық тұтынушылар ұсынған ассортимент бойынша таңдау жасау, әрбір өндіруші арасында меріктестік шарттарын жасасу, кәсіпорынды сауда желілерінің қауіпсіздік қызметі арқылы тексеру, тауар тасымалы бойынша келісімге қол қою, өнімдерді сауда орындарына шығару секілді кезеңдерден тұрады.

Өтінімдер 2017 жылдың 15 тамызына дейін қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу