Ресейлік саяхатшылар "Тұзбайыр тұзы" атты деректі фильм түсірді, деп хабарлайды kazembassy.ru.
Фильмде 2017 жылдың күзінде Маңғышлақ түбегіндегі далада жол талғамайтын көліктермен саяхат туралы айтылады. Сапарды "RED Off-road Expedition" автоклубы ұйымдастырған.
"Тұзбайыр тұзы" атты деректі фильмде Маңғыстаудың саяхатшыларды қызықтыратын ерекшеліктері, көрікті жерлері, сондай-ақ экспедицияға қатысқан қатысушылардың пікірлері келтірілген.
Айта кетейік, бұдан бұрын автоклубтың қатысушылары "RED Off-road Expedition: Әлем шөлдері. Қазақстан" деректі фильмін шығарған еді. Онда 2016 жылдың желтоқсанында қар басқан Маңғыстау облысына жасалған сапар баяндалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу