Ресейлік шахматшылар Азия федерациясына өте алады

542

Азия шахмат федерациясына ауысу туралы шешімді РШФ Бақылау кеңесі 2022 жылдың 14 сәуірінде бірауыздан қабылдады. 

Ресейлік шахматшылар Азия федерациясына өте алады Фото: РИА новости

Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) Ресей өкілдеріне Еуропалық одақтан Азия федерациясына (АШФ) өтуге рұқсат берді, деп хабарлайды inbusiness.kz РШФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресей аумағының 77 пайызы Азияда, ал 23 пайызы Еуропада орналасқан, сондықтан FIDE ережелеріне сәйкес Ресей Еуропалық шахмат Одағында, бірақ оның Азия федерациясына көшуіне еш кедергі жоқ. 

Ақыры FIDE Кеңесі 2023 жылдың 21 ақпанында Ресей шахмат федерациясын Еуропадан Азияға ауыстыруға шешім қабылдады.

Енді ауыстырудың соңғы кезеңі Азия шахмат федерациясының құрлықтық Ассамблеясында аяқталуы мүмкін. Көшу туралы шешімді 28 Ақпанда АШФ саммитінің делегаттары қабылдайды. Саммитте Ресей шахмат Федерациясының делегациясын РШФ президенті Андрей Филатов басқарады. Саммит Абу-Дабиде 26 ақпаннан 3 наурызға дейін өтеді.

Азия шахмат федерациясына 54 елдің, соның ішінде әлемдегі ең күшті шахмат державалары Қытай, Үндістан, Қазақстан, Өзбекстан және т.б. өкілдері мүше.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу