Ресейлік Су-34 әскери ұшағының әуе бомбасы Белгородқа түсті

569

Ресей Қорғаныс министрлігі бұл оқиғаны "авиациялық оқ-дәрілердің штаттан тыс түсуі" деп атады. Жарылыстан екі адам зардап шекті. 

Ресейлік Су-34 әскери ұшағының әуе бомбасы Белгородқа түсті  Фото: live24.ru

Белгородтың орталық бөлігінде кеше кешке Ресейдің Су-34 әскери ұшағы әуе бомбасы құлап, жарылыс болды, деп жазады inbusiness.kz DW сайтына сілтеме жасап.

"20 сәуірде Су-34 ұшағының Белгород қаласының үстінен ұшуын орындау кезінде авиациялық оқ-дәрілердің штаттан тыс түсуі болды. Нәтижесінде тұрғын үйлерге зақым келді, зардап шеккендер жоқ. Тергеу жүргізілуде", - делінген министрліктің хабарламасында. Қорғаныс министрлігі басқа мәліметтер жарияламады.

Бұған дейін Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков өзінің Telegram арнасында жарылыстан кейін "орталық көшелердің бірінің қиылысында (Ватутина-Губкина). - Ред.) радиусы 20 метр болатын үлкен шұңқыр пайда болды" деп жазды.

"Жақын маңдағы көпқабатты үйде әйнектері сынып, жарылыс толқыны тұраққа қойылған бірнеше көліктерді зақымдап, электр желісінің тіректерін құлатты", - деп атап өтті ол өзінің постында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу