Қарағанды облысының Осакаров ауданында аялдама жасаған ресейлік туристер мінген автобус сол күні қайта жолға шықты, деп жазады inbusiness.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, оқиға 9 шілде күні сағат 00:00-де болған. Оскаров ауданындағы "Қызылорда – Павлодар" автожолында "Омбы-Бішкек" бағыты бойынша жүретін "Zhongtong" автобусы техникалық ақауына байланысты тоқтады.
“Автобуста 34 адам болды, оның ішінде 4 бала. Жолаушылардың барлығы жол бойындағы кафенің жанында орналасқан автобуста қалды. Эвакуация мен медициналық көмек қажет болмады. 9 шілде сағат 15:00-де тасымалдаушы жолаушыларды орналастыру үшін және автобустың техникалық ақауын жою үшін Қарағанды қаласының вокзалына жеткізуді ұйымдастырды”, - делінген хабарламада.
9 шілде сағат 20:00-де автобус маршруты бойынша жолға шықты.