Ресейлік туристер Түркияда коронавирус жұқтырды

596

Оның екеуі жергілікті ауруханада.

Ресейлік туристер Түркияда коронавирус жұқтырды Фото: ria.ru

Түркияда демалып жатқан 12 ресейлік турист Covid-19 инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы Анкарадағы ресейлік елші Алексей Ерхов мәлім етті.

"Олардың екеуі қазір ауруханада. Қалған оны қонақүйде, оқшаулану режимінде", – деді ол.

Осы орайда елші Түркияға демалуға аттанар алдында коронавирусты емдеуге бағытталған арнайы сақтандыруды сатып алуға үндеді. Ерховтың айтуынша, ауруханаға түскен бір науқастың осындай полисі болмаған екен, бірақ  мұндай мәселеге қарамастан оған медициналық көмек көрсетілді. 

Ескере кететін жайт, Ресей 1 тамыздан бастап басқа елдермен арадағы әуе қатынасын жандандырды. Бүгінге дейін Британия, Түркия, Танзания, Швейцария елдеріне бағытталған рейстер ашылған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу