Ресейлік вакцина COVID-19-дың басқа штамдарынан қорғай ала ма?

1079

Онлайн брифинг барысында бұл сауалға UMС клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі Елена Ковзель жауап берді. 

Ресейлік вакцина COVID-19-дың басқа штамдарынан қорғай ала ма?

"Иммунолог ретінде және халықаралық деректерге сүйене отырып айтар болсам, әдеттегі коронавирус пен коронавирустық инфекцияның басқа штамдары қарама-қайшы реакция тудырады. Сондықтан вакцина оның өзге де штамдарынан қорғай алады", – деді маман. 

Сонымен қатар ол 1 ақпаннан бері екпе салдырғандарда аллергиялық реакция байқалмағанын атап өтті. 

"Вакцинация басталғалы бері екпе салдырғандарда айтарлықтай реакция байқалған жоқ. Тек жергілікті реакцияны болды. Аллерголог ретінде айтар болсам, бұл вакцияна тауық эмбриондарынан жасалған жоқ. Сондықтан ол аллергия тудырмауы керек", – деді Елена Ковзель.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу