Ресейлік жасанды тыныс аппаратын қолданбаймыз – вице-министр

586

Ресейлік жасанды тыныс аппараты ауруханадағы өртке себепкер болған.

Ресейлік жасанды тыныс аппаратын қолданбаймыз – вице-министр

Ресейдегі өрттен кейін коронавируске шалдыққандардың өкпесіне ауа айдайтын Авента-М аппаратынан көптеген елдер бас тартып жатыр. Денсаулық сақтау министрі Людмида Бұйрабекова бұл оқиғадан Қазақстан да қорытынды шығарғанын айтады.

"Шынымен де аталмыш оқиғадан кейін біз барлық өңірдегі штабтарға өрт қауіпсіздігінің қосымша ережелері туралы хабарландырулар жібердік. Коронавирус жұқтырған науқастардың өкпесі жасанды тыныс аппаратына ұзақ уақыт жалғанатындықтан, өрт қаупі жоғары. Осыны ескеру туралы нұсқаулықтар жібердік. Біздің елдің аумағында қолданыста жүрген жасанды тыныс апппараттарының бәрі импорттық өнімдер. Ресейден бірде-бір аппарат алған жоқпыз. Яғни, Авента-М аппараты бізде қолданылмайды", – деді ол.

Есжан Ботақара

Фото: profile.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу