Ресейлік "жұлдыздардың" Қазақстандағы концерттерінің тоқтатылуының себебі неде?

679

Ресейдің Қазақстандағы Бас консулы мұны батысшыл үкіметтік емес ұйымдардың әрекетінен деп санайды.  

Ресейлік "жұлдыздардың" Қазақстандағы концерттерінің тоқтатылуының себебі неде? Фото: troparevo-gazeta.ru

Ресейдің Алматыдағы Бас консулы Евгений Бобров Украинадағы жағдай Ресей мен Қазақстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа әсер еткенін айтты. 

Ол ресейлік орындаушылардың концерттері мен Қазақстандағы басқа да іс-шаралар батыс қаржыландыратын республикадағы үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) әрекеттеріне байланысты тоқтатылатынын түсіндірді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Әрине, Украинадағы жағдай Ресей мен Қазақстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа сызат түсірді. Өкінішке орай, біздің күштеріміз бен іс-әрекеттерімізді біріктіру жағына бара жатқан жоқпыз. Батыс қаржыландыратын ҮЕҰ-ның ұсынуымен ресейлік орындаушылар мен ұжымдардың концерттері тоқтатылады, кейбір акциялар мен жобаларды өткізуге тыйым салынады",— деді Бобров мырза ТАСС-қа берген сұхбатында.

Бұл ретте Евгений Бобров көктемде Қазақстанда ресейлік ұжымдардың, атап айтқанда Борис Эйфман балет театрының гастрольдері, Этери Тутберидзенің мұз шоуы және ГИТИС режиссерлік факультетінің қойылымдары сәтті өткеніне назар аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу