Ресейліктер "Байқоңыр" ғарыш айлағында британдық блогерді ұстады

889

Қазақстан Ресейге жалға берген "Байқоңыр" ғарыш айлағының аумағында танымал британдық блогер Бенджамин Рич және Беларусь азаматы Зелупа Алина ұсталды. Бұл туралы Ресейдің Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин хабарлады, деп жазады "Би-би-си"-дің орыс қызметі.

Ресейліктер "Байқоңыр" ғарыш айлағында британдық блогерді ұстады

Рогозин ұсталғандардың төлқұжаттарының суретін жариялады.

Бенджамин Рич YouTube-те "Bald and bankrupt" ("Таз және банкрот") арнасын жүргізеді, оның 3,5 миллионнан астам жазылушысы бар.

Блогер орыс тілін жақсы біледі және негізінен бұрынғы КСРО елдерінің туристік емес жерлерін аралайды. Шығарылымдардың көпшілігі Ресей, Украина және Беларусьте түсірілген.

Ресейдің Украинаға шабуылынан бір күн бұрын Рич екі елдің шекарасында болған, соғыс басталғаннан кейін Киевтен босқындармен бірге пойызбен шығып кеткен.

Оның ютуб-арнасындағы кейінгі влог 24 сәуірде жарық көрді. Влог "БАҚ көрсетпейтін Сирия" деп аталады.

Британдық пен оның құрбысы ұсталған 112 ұшыру алаңында (қазақстандықтарға тиесілі "Боран" кешені) "Боран" ғарыш кемесінің екінші экземпляры мен макеті сақталған.

Оның ұшуы 1992 жылы жоспарланған, бірақ ғарыштық бағдарламаның жабылуына байланысты ешқашан орындалмады.

"Боран" бұған дейін де блогерлер назарын аударған – бұрын кейбір блогер жартылай бұзылған күзетсіз ангарға кіріп те көрген.

Былтыр көше суретшілері кемелердің бірін бояп шықты. Олар қараусыз қалған тарихи мұраға назар аударғысы келетінін айтты.

"Байқоңыр" ғарыш айлағы Қазақстанның Қызылорда облысының аумағында орналасқан, Ресей оны 2050 жылға дейін жалға алады.

Кешен аумағына заңсыз кіргені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу