Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Ресей басшыларының кездесуінен соң белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев және Ресей Федерациясының Энергетика министрі Николай Шульгинов Көкшетау, Семей және Өскемен жылу электр орталықтарын салу жобалары бойынша екі елдің Энергетика министрлігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Айта кету керек, осыған дейін Қазақстанда Ресейдің қатысуымен үш жылу электр станциясының жобалары жоспарланғанын жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу