Жартылай ресейлік "Лукойлға" тиесілі "Kalamkas-Khazar Operating" ЖШС Каспийдің қазақстандық секторында "Қаламқас-теңіз" және "Хазар" мұнай-газ кен орындарын игеруді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мұнай-газ саласының талдаушысы Олег Червинский компанияның қыркүйек айында базалық жобалауға кіріскені туралы жеткізді.
Соңғы инвестициялық шешімді 2025 жылдың төртінші тоқсанында қабылдау жоспарлануда. 2026 жылы олар кен орындарында теңіз платформаларын салу жұмыстарын бастайды. Ал 2027-2028 жылдары седла аймағында теңіз түбін тереңдетеді.
Кен орындарын игеру жөніндегі келісімшарт 2067 жылға дейінгі мерзімге есептелген. "Қаламқас-теңіз" және "Хазар" учаскелерінде жылына 4 миллион тонна мұнай өндіріледі деп жоспарлануда. Жобаны іске асыруға жұмсалатын шығындар алты миллиард долларды құрайды. Ол абаттандыру кезеңінде екі мың жұмыс орнын және пайдалану уақытында тағы 300 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.