Ресейліктер Қазақстанға ұшақ билетін былтырғыдан екі есе көп іздеген

694

Ресей азаматтары Қазақстанға ұшақ билетін биыл жазда былтырғыдан екі есе көп сатып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Aviasales.kz сайтына сілтеме беріп.

Ресейліктер Қазақстанға ұшақ билетін былтырғыдан екі есе көп іздеген

"Биыл Қазақстанға апаратын билеттерді іздеу бойынша да, брондау бойынша да ресейліктер рейтингтің көш басында. Әсіресе, Мәскеу, Санкт-Петербор және Новосібір қалалары арқылы көп іздейді", - делінген зерттеуде.

Сарапшылар келтірген мәліметке қарағанда, Ресейден Қазақстанға 2022 жылдың жазына билеттердің орташа құны 160 457 теңге болды. Былтырғыдан шамамен 32% жоғары.

Ал Өзбекстаннан келу билеті, керісінше, 38% төмендеп, 66 495 теңге болған.

Зерттеуге сәйкес, 2022 жылдың жазында Қазақстанға туристік ағын былтырғыдан екі есе өсті,

Күзде де тренд осылай жалғасады деп күтіледі. Себебі, Қазақстанға Ресей, Түркия, Германия, Грузия, Өзбекстан, Белоруссия және Оңтүстік Корея елдері күзгі саяхатқа қызығады.

Сарапшылардың айтуынша, 2021 жылдың жазымен салыстырғанда Қазақстанға апаратын билеттерге сұраныс ресейліктер арасында - 95%, немістер арасында - 85%, түріктер арасында - 43%. Беларусь пен Чехиядан 60% және 16% өсті. Ал Өзбекстаннан 25% төмендеді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу