Украинадағы соғыс аясында елден кетіп, Түркияға қоныс аударған ресейліктер тұру ықтиярхаты мен қаржылық қиындықтарға байланысты басқа мемлекеттерге жаппай көше бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Reuters-ке сілтеме жасап.
Ресми статистикаға сілтеме жасай отырып, агенттік осы айда Түркияда тұру ықтиярхаты бар ресейліктердің саны 2022 жылдың аяғымен салыстырғанда 96 мыңға дейін азайды, ол кезде 154 мың болған. Монымен қатар, елде ресейлік капиталдың қатысуымен құрылған компаниялардың саны төмендеді: 2022 жылы 140-тан өткен жылы 68-ге дейін.
Reuters елден кеткен әрі басқа да қоныс аударушыларды білетін тоғыз ресейлікпен сөйлесті. Олар үшін негізгі бағыттар Сербия мен Черногория болды.
Ресейліктер тұру ықтиярхатын ұзарта алмаумен қатар, санкцияларға байланысты банктік қиындықтарға тап болады және сәуір айында 70%-ға жеткен Түркиядағы жоғары инфляцияға байланысты қаржылай тығырыққа тіреліп отыр.