Ресейліктер үшін Visa мен Mastercard-пен төлем жасау қиындай түседі

189

2024 жылдың соңында кейбір ресейлік банктерде Visa мен Mastercard карталарының бір бөлігінде чиптердің қауіпсіздік сертификаттары өз жұмысын тоқтатады.  

Ресейліктер үшін Visa мен Mastercard-пен төлем жасау қиындай түседі Фото: РБК

Бұл туралы РБК басылымы төлем нарығындағы төрт дереккөзге және ірі банктердің өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ал осы карталардың одан әрі жұмыс істеуі несиелік ұйымдардың шешімдеріне байланысты болады. Олардың айтуынша, бұл жаппай операцияларға әсер етпейді, бірақ төлемдердің кей бөлігі өтпеуі мүмкін, мысалы, қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу кезінде қиындықтар туындауы ықтимал.

"Бұл жаппай операцияларға әсер етпеуі керек, бірақ кейінге қалдырылған операцияларды жүргізуде қиындықтар тудыруы мүмкін, мысалы, көлікте немесе оффлайн режимінде жол ақысын төлеу кезінде, яғни POS-терминал желіге қосылмаған жағдайларда. Алайда, жалпы көлемде мұндай транзакциялардың үлесі аз", – деді РБК дереккөздерінің бірі.

ВТБ басқарма төрағасы Георгий Горшковтың айтуынша, сертификаттардың қолданылу мерзімінің аяқталуы нарықтағы карталардың 1%-нан да кем үлесіне ғана әсер етеді, "өйткені клиенттердің басым көпшілігінің әмиянында "Мир" картасы бар".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу