2017 жылды Ресей халқы салтанатты отшашу мен иллюминациялық қойылыммен қарсы алды. Қызыл алаңдағы таңғажайып көріністі көру үшін 6 мың адам алдын ала билет алған.
Қала әкімдігі халық үшін қызықты шоу-бағдарлама ұйымдастырды. Би, түрлі тақырыптағы кештер, джаз-концерт пен карнавал келушілердің көңілін көтерді.
Алаңдағы қауіпсіздік шаралары жіті бақылауға алынды. Шыны бөтелке, пиротехника әкелуге тыйым салынған. Ал қоғамдық көліктер түнімен тыным тапқан жоқ. Ресейде Жаңа жылды мерекелеу қаңтардың ортасына дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу