Ресейліктердің 160 миллион рублін ұрлаған қазақстандық ұсталды

1006

 59 жастағы азаматқа Ресейдің ішкі істер министрлігі халықаралық іздеу жариялап, күдікті Алға қаласынан табылды.

Ресейліктердің 160 миллион рублін ұрлаған қазақстандық ұсталды

Ресей салымшыларының 160 миллион рублін жымқырған ақтөбелік ұсталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Қазақстандық азамат Челябі облысы Магнитогорск қаласындағы "УралСИБ" ААҚ салымшыларының шотындағы 160 миллион рубльді қолды қылды деген күдікке ілінген. 59 жастағы азаматқа Ресейдің ішкі істер министрлігі халықаралық іздеу жариялап, күдікті Алға қаласынан табылды.

"Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды, кейін Ресей полициясына береміз. Жалпы "Іздеу" алдын алу шарасы кезінде қылмыстық іске қатысы бар 14 адам ұсталды. Олардың бесеуі ТМД елдері аумағында іздеуде жүр. Сонымен қатар бұрын із-түзсіз жоғалды деп хабарланған 8 адам анықталды", – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу