Ресейліктердің 78 пайызы Конституцияға өзгеріс енгізуді қолдаған

625

Енді Путин 2024 жылы тағы да 6 жылдан 2 мәрте ел басқару құқына ие бола алады.

Ресейліктердің 78 пайызы Конституцияға өзгеріс енгізуді қолдаған

Ресей азаматтарының 78 пайызы Конституцияға өзгеріс енгізуді құптаған. Бюллетендердің барлығын санағанда шыққан қорытынды осындай, деп хабарлайды Atameken Business.

Енді Путин 2024 жылы тағы да 6 жылдан 2 мәрте ел басқару құқына ие бола алады.

Конституцияға өзгеріс енгізуге қарсы болған үкіметтік емес ұйымдар наразы топтың пікірі мүлде ескерілмегенін айтады. Ал Орталық сайлау комиссиясының жетекшісі болса, референдум барлық талапқа сай өтті деп мәлімдеме жасады.

"Қарапайым талаптар да орындалмады. Орталық сайлау комиссиясының өзі басты насихатшы болып кетті. Өзгеріс енгізуге қарсы тараптың пікірі мүлдем ескерілген жоқ. Дауыс берудің нәтижесін күні бұрын біліп отырдық. Билікке де керегі осы еді. Негізі бұл шара бір апта бойы өтуі тиіс болатын",– дейді "Голос" ҮЕҰ бақылаушысы Виталий Аверин.

Фото: kremlin.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу