Ресейліктердің Қазақстанға қатысты айтқан мәлімдемелеріне министрлер не дейді

1478

Мәскеу қалалық думасының депутаты Сергей Савостьянов Қазақстанды Украина тәрізді "денацификациялауға", "демилитаризациялауға" шақырды. Бұл мәлімдемеге қатысты журналистер үкімет отырысынан кейін министрлердің пікірін сұрап көрді.

Ресейліктердің Қазақстанға қатысты айтқан мәлімдемелеріне министрлер не дейді

"Әр айтылған сөзді жеке қарастырып, кім айтса, сол деңгейде жауап беру керек. Мысалы, Зюганов айтқанда біздің депутаттар оған өз бағасын берді. Ал енді федералдық деңгейден төмен, қалалық дума ма, басқа ма – ондай мәлімдемелерге біздің блогер, саясаткер, эксперттеріміз жауап беруі керек", – деген пікір айтады Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Ал Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бұған қатты жауап қатудың керегі жоқ дегенді айтады.

"Бұл сұрақ менің салама қатысты емес. Дегенмен жеке пікірім бар. Мұндай нәрселердің айтылуы, әлбетте, жағымсыз әсер етеді. Бірақ сондай қатты жауап берудің керегі жоқ. Өйткені біз тоқтап қалмаймыз. Өз жайымызды, экономикамызды, халқымызды ойлауымыз керек. Белгісіз адамдардың түсініксіз мәлімдемелеріне қарайлаудың керегі жоқ", – дейді Қуантыров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу