Ресейліктердің Украинаға баруына 50 жылға тыйым салынбақ

652

1 шілдеде Украина ресейліктер үшін визалық режим енгізген болатын.

Ресейліктердің Украинаға баруына 50 жылға тыйым салынбақ

Ресей Федерациясының азаматтарына Украина аумағы кіруге тыйым салу туралы электронды петицияға 25 мыңнан астам адам қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz Украина президентінің сайтында жарияланған дерекке сілтеме жасап.

Бұл петиция бойынша, Ресей азаматтарының Украинаға баруына 50 жылға шектеу салынбақ. Оның авторларының айтуынша, мұндай шара әр украиналықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

"Өкінішке орай, 8 жыл ішінде билік Украинаны Ресеймен арадағы визасыз режимнің кесірінен осы уақытқа дейін елімізге ағылған диверсанттардан, агентурадан қорғай алмады. Салдарынан мыңдаған адамымыздан айырылдық. Әрбір украиналықтың қауіпсіздігі үшін олардың елімізге келуін шектеп, Ресей-Украина соғысында Украина жағында соғысқандардан басқа ресейліктерге Украинада тұруға рұқсат бермеуді ұсынамыз", – деп жазылған петиция мәтінінде.

Құжат 23 мамырда Украина президентінің кеңсесінің сайтында тіркелді. Енді Украина Президенті Владимир Зеленский оны алдағы 16 күнде қарайды, содан кейін ғана түпкілікті шешім қабылданады.

Еске сала кетсек, 1 шілдеде Украина ресейліктер үшін визалық режим енгізген болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу