Ресейліктерге салынған санкцияның "салқыны" қазақстандық банкке де жетті

Reuters.com сайтының жазуынша, Еуроодақ көрші елге қарсы санкциялардың 19-пакетін мақұлдап отыр. 

Ресейліктерге салынған санкцияның "салқыны" қазақстандық банкке де жетті Фото: immigrantinvest.com

Жаңа шектеулерде ресейлік ғана емес, Қазақстан мен Беларусь банктері де бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, жаңартылған санкциялар тізіміне ВТБ және Беларусьтегі ВТБ мен Альфа еншілес компаниялары кірген. Ерекше айта кетерлігі, ЕО да, АҚШ та бұл банкке қарсы санкциялар салған. Десе де, қазіргі санкциялар оларды күшейтпесе, әлсіз етіп жатқан жоқ.

– Біз тізімге ресейлік балама төлем жүйелеріне қосылған шетелдік банктерді қосып жатырмыз. Сондай-ақ, арнайы экономикалық аймақтардағы ұйымдармен транзакцияларды шектеп жатырмыз, – деді еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен.

Данияның ЕО төрағалығы жаңа санкциялар пакеті Словакия наразылығын қайтарып алғаннан кейін аяқталатынын жеткізді. Енді ол жазбаша мақұлдау рәсімі аяқталған соң күшіне енбек. 

Санкциялар ресейлік сұйытылған табиғи газ импортына екі кезеңде тыйым салады. Қысқа мерзімді келісімшарттар 6 айдан кейін аяқталса, ұзақ мерзімді келісімшарттар 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасады. Санкциялар пакетіне мұнай өнеркәсібімен байланысы бар 4 қытайлық компания кіреді, десе де олардың атауы нақты жарияланбады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу