Ресеймен арадағы шекарада жүзден астам көлік жиналып қалды

521

Бұған пандемия шеңберінде қойылған шектеулер себеп болған. 

Ресеймен арадағы шекарада жүзден астам көлік жиналып қалды

Астрахан губернаторының баспасөз қызметінің  мәліметінше, сәрсенбі күні Астрахан облысындағы Қараөзек шекара бекетінде жүзден астам жүк көлігі жиналып қалған. 

"11 қарашадан бастап "Қараөзек" өткізу пунктінде жүк көліктері жинала бастады. Олардың саны 120-ға жетті. Бұл Қазақстанның коронавирус індетінің таралуын болдырмау жөніндегі қосымша шаралар қабылдауына байланысты болып отыр. Енді транзиттік ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері Қазақстан шекарасынан өту үшін COVID-19 ауруымен ауырмайтыны туралы анықтама ұсынуы керек", – дейді таратылған хабарламада.

Сонымен қатар үш аптадан бері шекарадан өте алмай тұрған бір топ өзбекстандық мигрант үйіне қайтуға мүмкіндік алған.

Айта кетсек, Қазақстан коронавирус эпидемиясының таралуына байланысты шекарасын жауып тастағандықтан, 200-ден астам Өзбекстан азаматы Астрахань облысындағы шекарада тұрғанын бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары хабарлаған болатын. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу