Ресеймен қақтығыс ушықса Украинадағы қазақстандықтар қайда жүгіне алады?

1052

Ресеймен қақтығыс ушығып кетсе, Украинадағы қазақстандықтар эвакуациалануы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.    

Ресеймен қақтығыс ушықса Украинадағы қазақстандықтар қайда жүгіне алады?

Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Төтенше жағдай болса елден шығудың әртүрлі нұсқасы қарастырылған, оның ішінде құрлық пен әуе жолдары да бар.

Сонымен қатар Қазақстан азаматтары үшін өтініштерді қабылдауға арналған сенім телефондары жұмыс істейді.

Жалпы қазіргі таңда, Украинада 493 адам уақытша консулдық есепте тұр. Бұл елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, студенттер және бизнес өкілдері.

Ал тұрақты консулдық есепте 1 110 адам бар.

Еске салсам, бұған дейін АҚШ, Ұлыбритания мен Австралия және Германия Украинадағы дипломатиялық өкілдіктің  қызметкерлерін эвакуациялайтынын хабарлаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу