Ресеймен шекарада ұзын-сонар кезек: Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды

202

"Жайсаң" бекетінен күніне орта есеппен 1,6 мыңнан астам жүк және жеңіл көлік өтеді.

Ресеймен шекарада ұзын-сонар кезек: Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды Фото: trk.kgd.gov.kz

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазіргі таңда "Жайсаң" өткізу бекетінде жүк көліктерінің кептелісі жоқ екенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Ақтөбе облысындағы "Жайсаң" бекетінің алдында жүк көліктерінің бірнеше шақырымдық кезегі қалыптасқаны туралы ақпарат тараған болатын.

– Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті қазіргі уақытта "Жайсаң" өткізу бекетінде жүк көліктері кептелісінің жоқтығын, бақылау-өткізу бекетінің қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлайды. Тәулік ішінде Ресей Федерациясының шекарасынан өту үшін кезекте тұрған жүк көліктерінің саны 50 көліктен аспайды, – делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, Комитет шекараның Қазақстан жағындағы өткізу бекетінде әр бағытта төрт жол сызығы, Ресей жағынан "Сағарчин" өткізу бекетінде бір жолақ бар екенін атап өтті.

– Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жұмыс әдеттегідей жүргізіліп жатыр, бақылау-өткізу пунктінде барлық құжатты тіркеу терезелерінің жұмысын қамтамасыз ететін 4 қызметкер жұмыс істейді, өткізу пункті ішінде жүргізушілер мен автокөліктердің кезегі жоқ, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу