Ресеймен шекарадағы бақылау-өткізу бекетінде қозғалыс уақытша шектелді

164

Көлік тізгіндеген азаматтарға басқа балама бекеттерді қарастыруға кеңес берілді. 

Ресеймен шекарадағы бақылау-өткізу бекетінде қозғалыс уақытша шектелді Фото: rosgranstroy.ru

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы Маштаково бақылау бекетінің өткізу мүмкіндігі уақытша шектеледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты  "Росгранстрой"-ға сілтеме жасап.

"Порталдық инспекциялық-тексеру кешенінде жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Орынбор облысындағы Қазақстанмен шекаралас Маштаково автокөлік өткізу бекетінде Ресейге кіреберісте жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ге дейін көлік кептелісі болуы мүмкін. Росгранстрой жүк тасымалдаушыларға шекарадан өтуге қосымша уақыт қарастыруды ұсынады", – делінген хабарламада.

Бұдан басқа Теплое (тек Қазақстан және Ресей азаматтарына арналған) немесе Ілек секілді балама өткізу бекеттерін пайдалану да ұсынылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу