Павлодар облысында Ресейге өте алмай жүзден астам жүк көлігі қаңтарылып тұр, деп хабарлайды Atameken Business.
"Қосақ-Авто" шекара бекетіндегі бұл кептеліске тасымалдаушылар себеп болған көрінеді. Себебі бұл аумақтан тек қазақстандық кәсіпкерлер емес, Қырғызстан мен Өзбекстан саудагерлері де өнім алып өтеді. Сондықтан, жыл сайын осы уақытта шекара бекетінде кептеліс туындайды. Биыл да сол жағдай қайталанды.
Барлығы 130-дан астам жеміс-жидек, көкөніс тиеген жүк көліктері екі тәуліктен бері шекара аса алмай тұр. Олар биліктен туындаған мәселені жедел шешіп беруді сұрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу