Ресеймен шекаралас кейбір бекеттерде уақытша жөндеу жұмыстары басталды

128

Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен тасымалдаушыларды іргелес мемлекеттің аумағында алдағы жөндеу жұмыстары туралы хабардар етеді.   

Ресеймен шекаралас кейбір бекеттерде уақытша жөндеу жұмыстары басталды Фото: kaztag.kz

"Сырым" және "Тасқала" қазақстандық өткізу пункттерінің маңында көлік қозғалысында уақытша қиындықтар туындап, кептелістер болуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыған байланысты ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушыларға маршруттарды алдын ала жоспарлауды және мүмкіндігінше мемлекеттік шекарадан өту кезінде балама бағыттарды пайдалануды ұсынып отыр.

"Орынбор облысы бойынша Ресей Федерациясының ФҚҚ Шекара басқармасының ресми ақпаратына сәйкес:

  1.  2025 жылғы 19-29 мамыр аралығында "Маштаково" автокөлік өткізу пунктінде (Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына шығу бағыты) инспекциялық-тексеру кешенінің негізін қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
  2. Сондай-ақ, 2025 жылғы 19 мамыр мен 30 қараша аралығында Ресей Федерациясының уәкілетті органдары "Теплое" екіжақты автокөлік өткізу пунктінің аумағында жол төсемін жөндеу жұмыстарын жоспарлады", - делінген хабарламада.

Жөндеу іс-шараларын жүргізу кезеңінде өткізу пункттерінің жұмысы штаттық режимде жүзеге асырылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу