Украинадағы соғыс басталғалы жоқ дегенде 50 мың украиналық аяқ-қолынан айырылып, мүгедек атанған, деп жазады inbusiness.kz eadaily.com порталына сілтеме жасап.
Тиісті ақпаратты Houp Foundation қоры және әлемдегі ең ірі протез өндірушісі Ottobock неміс компаниясының деректеріне сілтеме жасап, АҚШ-тың The Wall Street Journal газеті хабарлады. Екі ұйым жеңілдікпен протездеу үшін Украина басшылығынан деректерді алады.
Америкалық басылым бұл көрсеткіштің нақты саны одан да көп болуы мүмкін екенін айтады.
Ресурстың жазуынша, бұл статистиканы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі көрсеткішпен салыстыруға келеді. Сол кезде 67 мыңға жуық неміс пен 41 мыңға жуық британиялық ампутацияға ұшыраған, деп жазады газет.