Бұл туралы сейсенбіде Ресей президенті Владимир Путин "Тулажелдормаш" зауытында жұмысшылармен кездесу барысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"[Бұрынғы серіктестер] өздерін жаман қырынан көрсетіп, өз міндеттемелерін соңына дейін орындамады. Салдарынан бізде автомобиль өнеркәсібінің құлдырауы 60 пайыздан асты", - деді Путин.
Оның айтуынша, қазір бірінші кезекте сұранысқа ие автомобильдер өндірісін бірнеше есе арттыру қажет, ал ол үшін "автоөнеркәсіпті қолдау шаралары жеткілікті".
"Мәселе бізге қажетті көліктердің санын реттеуде болып тұр. Әрине, сапа да бұзылмауы тиіс. Ал біз айтып отырған субсидиялау бағдарламасы - адамдарға бағаның өсуі мен инфляцияға байланысты көлік сатып алуға көмектесуге бағытталған және автоөнеркәсіпті қолдауды көздейді. Ал автоөнеркәсіпті қолдаудың бұл шаралары, жақын арада автомобиль техникасын шығару көлемін бірнеше есе арттыру үшін жеткілікті", - деді Путин.
Ресей Федерациясының Президенті қазір қолдау шараларын ұлғайту автомобильдер бағасының өсуіне әкелетінін атап өтті.
"Яғни, егер біз автомобиль тапшылығы кезінде қолдау деңгейін көтеретін болсақ, онда бұл тек бағаның одан әрі өсуіне әкеледі. Дегенмен қолдау шаралары азаматтардың жекелеген санаттары үшін сақталады. Бірақ тұтастай алғанда, бұл мәселені шешудің бір ғана жолы - ең көп сұранысқа ие автомобильдер шығарылымының бірнеше есе арттыру. Біз мұны жақын арада жасайтынымызға сенімдімін", - деп қорытындылады Путин.
Ресейде өткен жылы санкцияларға байланысты Renault, Mercedes-Benz, Nissan мен Toyota сияқты брендтер жұмысын тоқтатты.
2022 жылы өткен жылмен салыстырғанда Ресейде автомобиль сатылымы 58,8 пайызға төмендеп, 687 мыңға жетті.