Ван И: Қытай АҚШ-пен қақтығысудан қорықпайды

1201

16 қарашада АҚШ Президенті Джо Байден мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин онлайн кездесу өткізген еді.

Ван И: Қытай АҚШ-пен қақтығысудан қорықпайды

Қытай билігі Америка Құрама Штаттарымен қақтығысудан қорықпайды. Бірақ өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайын. ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Біз қақтығыстан қорықпаймыз. Бірақ ынтымақтыстықты нығайтуға дайынбыз. Ынтымақтастық екі тарапқа да тиімді. Ал дұшпандық Қытайға да, АҚШ-қа да зиянын тигізеді", – деді министр.

"Америкалық тарап мемлекет басшылары қол қойған келісімге сәйкес әрекет етіп, берген уәдесін орындайды деп үміттенемін", – деді Ван И.

16 қарашада АҚШ Президенті Джо Байден мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин онлайн кездесу өткізіп, ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселені талқылады. Оның қорытындысы бойынша екі елдің көшбасшылары бірқатар мәселе бойынша келісімге қол қойып, өзара байланысты нығайтуға уағдаласты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу