Ресми Бішкек ЕАЭО құрамынан шықпайтындығын мәлімдеді

613

Қажет болса Қазақстанмен бірлесіп жалған транзиттердің жолын кесуге дайын. 

Ресми Бішкек ЕАЭО құрамынан шықпайтындығын мәлімдеді

Қазақ-қырғыз шекарасындағы кикілжіңге бола, Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақ құрамын шықпайды. Көрші елдің Экономика министрінің орынбасары Эльдар Әлішеров Atameken Business-тің сұрағына осылай жауап берді.

Керісінше, қажет болса ресми Бішкек Қазақстанмен бірлесіп жалған транзиттердің жолын кесуге дайын. Бірақ бір шарт бар, қос мемлекет шекарасындағы бақылау бекеттеріндегі кептеліс жойылып, контрабандалық тауарды тексерудің басқа әдісі қолданылуы қажет. Бұл ретте Қырғызстан екі тарап бірлесіп "пломб" қою инструментін жүргізуді ұсынды.

Фото: sputnik.kg

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу