Ресми! Дональд Трамп АҚШ-тың 47-ші президенті атанды

547

Төрт жыл бұрын жеңіліске ұшыраған Дональд Трамп ақыры жеңіске жетіп, бүгін АҚШ-тың 47-ші Президенті болып сайланды.

Ресми! Дональд Трамп АҚШ-тың 47-ші президенті атанды Фото: Carolyn Kaster, AP

Сайлаудың ресми нәтижелерімен бөлісетін Associated Press Висконсиндегі Трамптың АҚШ Президенті болып сайланғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұрынғы Президент Дональд Трамп сәрсенбіде маңызды шайқаста Висконсин штатында вице-Президент Камала Харристі жеңді. Аталмыш жеңіс Трампқа сайлаушылар алқасының 10 дауысын сыйлады. Харрис де, Трамп та Висконсинді өздерінің науқандарының басым бағыты ретінде қарастырған еді. 

Associated Press жергілікті уақыт бойынша 5:34-те Трампты жеңімпаз деп жариялады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ол жеті айқындалмаған штаттың кем дегенде төртеуінде жеңді: Пенсильвания, Висконсин, Джорджия және Солтүстік Каролина.

CNN ақпаратына сәйкес, Дональд Трамп кемінде 276 сайлаушы дауысын жинады, оның өз Ақ үйде билік құруға жеткілікті. 

Дональд Трамп - саясаткер, АҚШ-тың 47-ші президенті, кәсіпкер әрі миллиардер.

Болашақ президент Нью-Йорктегі Квинс ауданында миллионер кәсіпкер, инвестор әрі құрылысшы Фред Трамптың отбасында дүниеге келген. Әкесінің ұлты неміс болса, анасы шотландиялықтар ұрпағы.

Дональд Трамп алғашқы білімін Квинстегі Кью Форест жекеменшік мектебінде алды, кейін Нью-Йорк әскери академиясына (1959–1964) қабылданды. Ол Нью-Йорктегі жекеменшік Фордхэм университетінде бизнесті басқару бойынша оқуға түсті (1964–1966), кейін Пенсильвания мемлекеттік университетінің қаржы және коммерция мектебінде оқып, 1968 жылы экономика бакалавры дәрежесін алды.

1971 жылы ол әкесінің компаниясын иемденіп, акцияның бақылау пакетіне ие болды. Компания атауын Trump Organization деп өзгертті. Трамптың басшылығымен бизнес кеңейді, компанияның жаңа басшысы қонақүйлер, курорттар, казинолар, гольф алаңдарын құру жобаларымен айналыса бастады. Бүгінге дейін тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлік Трамп ұйымының негізгі жұмыс бағыттарының тізімінде.

Оның саясаткер ретінде жолы 1990-жылдардан бастау алады. Ол Республикалық партиядан шығып, 2000 жылғы президенттік сайлауда өзін Реформалар партиясының кандидаты ретінде жариялап, тележүргізуші Опра Уинфриді вице-президент етіп ұсынды. Сол кезде Трамп Колин Пауэллді (2001 жылы Джордж Буш тұсында Мемлекеттік хатшы болды) және консерватор республикашыл сенатор Джон Маккейнді әкімшілікке қосуға уәде берді. Бірнеше праймеризде жеңіске жеткеніне қарамастан, Трамп президенттік сайлаудан бас тартты.

Кәсіпкер 2012 жылы Республикалық партиядан президенттікке үміткер болды, бірақ тағы да сайлау науқаны басталған сәтте кері шегініп, ойыннан шықты.

2016 жылға дейін Трамп бизнесті, соның ішінде шетелдік бизнесті дамытуды ғана ойлап келді. Тек 2015 жылы саясатқа қайта оралып, 2016 жылғы президенттік науқанға республикашыл ретінде қатысатынын жариялады. Ол өзінің үгіт-насихат ұранын "Американы қайтадан ұлы етеміз" деп атады. Ол праймеризде жеңіске жетіп, 2016 жылдың шілдесінде Республикалық партияның бірыңғай кандидаты атанды.

Трамптың президенттігі кезінде иммиграциялық заңдар қатаңдатылып, салық заңдары реформаланды. АҚШ әкімшілігі елдің кейбір халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысудан бас тарта бастады, Америка Құрама Штаттары ЮНЕСКО-дан, Париж климаттық келісімінен, Иранның ядролық келісімінен, сондай-ақ Орта қашықтықтағы ядролық күштер туралы шарт пен Ашық аспан туралы келісімнен шықты және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруды тоқтатты. 

Қытаймен сауда келісіміне қол қойылды, АҚШ Иерусалимді Израильдің астанасы деп таныды, Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен байланыс орнатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу