Ресми орган "әуежай қоймасында жатқан" тыныс алу аппараттарына қатысты түсінік берді

1053

Бүгін Түркиядан дәрі-дәрмек пен тыныс алу аппараттарын артқан ұшақ келді.

Ресми орган "әуежай қоймасында жатқан" тыныс алу аппараттарына қатысты түсінік берді

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желілерде "Түркиядан жеткен 125 тыныс алу аппараты елорда әуежайының қоймасында жатыр" деген ақпаратқа түсінік берді.

Ресми органның жауабын сүйенсек, жүк артқан ұшақ бүгін түнгі 02.30-да Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына қонған. Ұшақтан жүкті түсіру сағат 4.00 аяқталып, әуежай қоймасына орналастырылған. 12 тоннадан астам жүк дәрі-дәрмектер, медициналық қорғаныс құралдарын және ИВЛ аппараттарынан тұрады.

"Сағат 10.00-де тауар алушылардың өкілдері келгеннен кейін жеңілдетілген тәртіпте кедендік рәсімдеу жүргізілді және дәл сол күні сағат 10.10-да барлық кедендік рәсімдер аяқталды",– дейді кірістер комитетінен.

Ал сағат 11.00-ден бастап жүк әуежайдан бірнеше партиямен әкетілген.

"Сертификаттауға жататын тауарларды әкелу барысында кедендік ресімдеу үшін рұқсатнама құжаттарын ұсыну қажеттігін атап өткен жөн, себебі біздің азаматтардың өмірі мен денсаулығы медициналық препараттар мен бұйымдардың сапасына тікелей тәуелді, ал бұл ең маңызды. Сапасыз препараттар мен бұйымдарды қолдану, пандемия кезінде қосымша қауіп-қатер тудырады",– деп түсіндіреді ресми орган.

Комитет қандай да бір түсінбеушілік туындаған жағдайда мән-жайды 1414, 8-800-080-7777 байланыс телефондары арқылы  білуге болады дейді.

 "Кәсіпкерлік субъектілерін және қоғамдық бірлестіктерді қандай да бір түсінбеушіліктерді, толқуларды болдырмау мақсатында қажетті кеңес алу үшін алдын-ала жүгінуді сұраймыз", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу