Ресми орган қайтыс болған полиция қызметкеріне қатысты пікір білдірмей отыр

931

Ресми орган қайтыс болған полиция қызметкеріне қатысты пікір білдірмей отыр

Алматы облысындағы Есік қаласында атыс болып, полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"8 мамыр күні оқ тиген екі адам Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына түсті. Біреуі Еңбекшіқазақ ауданының полиция қызметкері. 31 жастағы азамат мамырдың 11 күні қайтыс болды. Екінші адам ауруханада жатыр. 1985 жылғы науқастың жағдайы қалыпты", - деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қанды оқиға жайлы әзірге облыстық ІІД-і пікір білдірмеді. Бірақ бейресми мәліметке қарағанда, 1986 және 1989 жылғы азаматтар арасында кикілжің туып, арты атысқа ұласқан. Оқ аңшы мылтығынан атылды деген бейресми мәлімет те бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу