Ресми орган мереке күні өткен митингілерге қатысты түсінік берді

698

Митингіге қатысқандардың кейбіреуінен түтіндегіш құты мен травматикалық қару алынған.

Ресми орган мереке күні өткен митингілерге қатысты түсінік берді

Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі 6 шілде күні Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өткен митингілерге қатысты түсініктеме берді.

"Әкімдіктің, прокуратураның бірнеше рет ескерткеніне қарамастан, бірқатар азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның араңдатушылықтарына ерді. Олардың бірқатары құқық қорғаушы қызметкерлерге қатысты заңға қайшы әрекеттерге барды. Басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатер төндірді",– делінген ресми орган таратқан хабарламада.

Баспасөз қызметі осыған байланысты, ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіпті бұзушылыққа жол бермеу үшін заңсыз митингіні ұйымдастырушылар мен оған қатысқандардың полиция бөлімдеріне жеткізілгенін хабарлады. Кейбіреуінен түтіндегіш құты және травматикалық қару алынған.

"Тәртіп бұзушыларды ұстау барынша сауатты жүргізілді, арнайы құралдар қолданылған жоқ",– делінген таралған ақпаратта.

Еске сала кетсек, кеше астанада ондаған адам митингіге шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу