Бұл туралы Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылған.
"Кейінгі уақытта бейтарап бағыт ұстанбайтын шетелдік басылымдар "одақтас мемлекеттер кеңейеді" және "оған Өзбекстан Республикасы қосылады" деп шет елдердің жекелеген лидерлерінің атынан негізсіз мәлімдемелерді көбейтіп жатыр. Ал біз серіктестерімізбен арадағы достық қарым-қатынасымызға нұқсан келтірмек оймен жасалған мұндай арандату әрекеттеріне жол берілмейтінін мәлімдейміз", – делінген мәлімдемеде.
7 ақпанда Беларусь Президенті Александр Лукашенко ресейлік журналист Владимир Соловьевке берген сұхбатта, Соловьевтің өзінің айтуына қарағанда, бұрынғы кеңестік республикалардың көпшілігі Беларусь пен Ресейдің одағына қосыла алады.
"Беларусь қазірдің өзінде сонда (одақта). Қазақстанға жыл басында болған тәртіпсіздіктер жақсы сабақ болды. Егер біз қандай да бір қателік жіберіп алмасақ, Украина да 15 жылда сонда болады деп сенемін. Бұдан кейін басқалары қайда барады? ... Түрікменстан, Өзбекстан және Тәжікстан, менің ойымша, өз қажетін өтеу үшін, ең алдымен экономикалық қажетін өтеу үшін қосылады. Бұл тәуелсіз мемлекеттердің бірлестігі болады. Жоқ, тәуелсіз емес – егемен. Тәуелсіздік – салыстырмалы ұғым. Егер барлық газ бен мұнай Ресейде болса, Ресей нарығы Беларусь экспортының негізі болса, мен қалай тәуелсіз бола аламын?", – деді Лукашенко дейді Соловьев.