Ресми тіркелмеген майнерлер энергия тапшылығын туғызады

980

Жыл басынан бері 1000-1200 МВт көлеміндегі электр энергиясын тұтыну көрсеткіші күрт өсіп, 8%-ға жетті. Қалыпты норма 1-2% шамасында болуға тиіс.  

Ресми тіркелмеген майнерлер энергия тапшылығын туғызады

Бұл туралы Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Электр энергиясына деген сұранысты майнингтік компаниялар арттырып жібергенін баяндаған министрдің бірінші орынбасары елімізде ресми түрде 50 компания тіркелгенін, қалғандары заңсыз жұмыс істейтін майнерлер екенін мәлімдеді.

"Ресеймен энергия жүйеміз параллель өлшемдерде ұйымдастырылған. Ресейден бізге және бізден оларға электр энергиясының ағыны қарастырылған. Біз оны импорт емес, ағын деп атаймыз. "ИнтерРАО"-мен жұмыс жүргізілуде, бұл стандартты салалық практика, сондай-ақ ҚТЖ тұрақты негізде "РЖД"-мен, "ҚазТрансГаз Газпром"-мен және т.б. жұмыс істейді. Қарбалас уақытта Ресейден Қазақстанға электр қуаты тартылады, өйткені майнерлер тарапынан тұтынудың артуы қандай да бір авариялық жұмыстар мен электр энергиясының басқа да істен шығу жағдайы үшін қажетті резервке әсер етеді. Олар біздің резервтерімізді "құртады" және біз бұл кемшілікті ағындар есебінен қамтамасыз етеміз. Ондағы баға қолжетімді келісім аясында талқыланады. Тариф өзгермейді деп ойлаймын", – деді Мұрат Жүребеков.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу