Респираторлық инфекциялармен сырқаттанудың кезекті эпидемиялық маусымы жалғасуда

Ол жыл сайын қазан айынан басталып, мамыр айына дейін созылады. 

Респираторлық инфекциялармен сырқаттанудың кезекті эпидемиялық маусымы жалғасуда Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жіті респираторлық инфекциялармен сырқаттанудың кезекті эпидемиялық маусымы жалғасуда. Ол жыл сайын қазан айынан басталып, мамыр айына дейін созылады.

"Эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ және тұмау ауруларының екі толқыны тіркеледі: аурудың бірінші көтерілуі – қазан-қараша, екіншісі – ақпан-наурыз айларында. 2023 жылы халықтың сырқаттанушылығының алдын алу мақсатында тұмауға қарсы әлсіз тобындағы 2 млн 400 мың адам егілді, бұл ел халқының 12%-ын құрайды, ДДҰ ұсынымы бойынша – кемінде 10% болу керек. Ағымдағы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-ның 2,4 млн жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық өткен эпидемиологиялық маусым деңгейінде тұр. Қараша айынан бастап тұмау вирусының айналымы анықталды, эпидемиялық маусым басталғаннан бері зертханалық расталған тұмаудың 935 жағдайы тіркелді, оның 85%-ы – А тұмауы(H3N2) және 15%-ы – В тұмауы", – деп түсіндірді министр.

Бұрынғыдай басқа да вирустардың айналымы анықталды. Соның ішінде, олардың 41%-ы риновирусқа, 21%-ы РС вирусына және 14%-ы аденовирусқа тиесілі.

Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері стационарларда 31 мыңнан астам пациент емделді, 2 млн астам пациент амбулаториялық ем алды. Еліміз бойынша барлығы 10 мыңға жуық инфекциялық төсек-орындар, олардың ішінде балаларға арналған 3 мыңға жуық орын ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу