Респонденттердің 70%-дан астамы президенттік сайлауға қатысуға дайын - сауалнама

912

"Қоғамдық пікір" зерттеу институты ағымдағы жылдың 4-6 қараша аралығында. социологиялық сауалнама жүргізген.

Респонденттердің 70%-дан астамы президенттік сайлауға қатысуға дайын - сауалнама Фото: almaty.tv

Өлшемге сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашадағы президенттік сайлауға ықтимал сайлаушылардың қатысу деңгейі 71,6 пайызды құрады. Бұл дауыс беруге бел буғандардың жалпы үлесі (55,4%) және дауыс беруі әбден мүмкін дегендер (16,2%). Сауалнама жүргізу кезінде нақты жауап бере алмаған респонденттердің үлесі 18,3% құрады, олар өздерінің қатысу ықтималдығын "50/50" деп бағалаған. 6,1 пайызы дауыс беруге ниетті емес. Шешімсіз – респонденттер 4% құраған.

Кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс беруге бел буған сайлаушылардың 78,8 пайызы Қ.Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға ниетті. Сайлау рейтингінің екінші қатарында Ж.Дайрабаев – 2,8%. Үздік үштікті 1,8% дауыспен Н.Әуесбаев аяқтады. Төртінші орынды С.Тұрсынбекова мен М.Қажыкен бөлісті – әрқайсысы 1,6%. Респонденттердің 0,8 пайызы Қ.Әбденге дауыс беруге дайын. Респонденттердің 3,2%-ы барлығына қарсы дауыс береді. Сауалнама жүргізілген кезде респонденттердің 9,4% бір шешімге келмеді.

Жалпы респонденттердің 84,4%-ы 2022 жылғы қарашада өтетін президенттік сайлау әділ өтеді деп сенеді. Әрбір оныншы (11%) қарсы пікірді ұстанады: сенбейтіндер – 6,2%, мүлде сенбейді – 4,8%. 4,6% жауап беруге қиналған.

Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 1200 респондент қатысты. Зерттеуде телефон арқылы сауалнама әдісі қолданылды. Қате ± 4%. Сауалнама ОСК-ның 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № ОСК-08-18/1179 хабарламасына сәйкес ОСК-ның ресми рұқсатымен жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу