Бұл – партия тарихындағы екінші парламенттік сайлау. 2023 жылы Respublica алғаш рет Мәжіліске өтіп, 6 депутаттық мандатқа ие болған еді.
Партия бекіткен тізім бойынша депутаттық мандатқа ұсынылғандар:
1. Бекжан Айтқұлов – Respublica партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облысы мәслихатының VII-VIII шақырылымдарының депутаты.
2. Руслан Идрисов – кәсіпкер, Global Food ЖШС құрылтайшысы, Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымының депутаты.
3. Мейрхат Қасымбаев – кәсіпкер, "Capital Road Construction" ЖШС байқау кеңесінің төрағасы.
4. Олжас Құспеков – Respublica партиясы төрағасының орынбасары, VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты.
5. Динара Наумова – VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі.
6. Екатерина Смолякова – VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты.
7. Нұргүл Тау – VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты.
8. Махамбет Хасенов – Special Oil Projects компаниясы мен "Альмерек" мұнай базасының құрылтайшысы әрі бас директоры, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
9. Айдарбек Қожаназаров – Respublica партиясының төрағасы, VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, партия фракциясының жетекшісі.